Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Сергей Пацай 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Солтүстік Македония – Қазақстан (1:1) кездесуінен кейін пікір білдірді.
Қазақстан ойыны тең нәтижеге лайық болды
«Ойынға қарасақ, Қазақстан тең нәтижеге лайық өнер көрсетті деп ойлаймын. Екі тайм екі түрлі болды. Бірінші кезеңде біздің жігіттер нәтиже үшін қысымсыз, еркін әрі сенімді ойнады. Ал қарсылас керісінше – ауыр ойынды бастан өткерді. Көрініп тұр, македондықтар Бельгиямен өткен кездесуде көп күш жұмсаған. Яғни физикалық, әрі психологиялық тұрғыдан шаршаған. Сондықтан оларда үлкен қысым болды. Екінші таймда ойынның сипаты өзгерді. Біздің футболшыларға сәл сәттілік серік болды. Бұл ретте қарсылас өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады», — деді Пацай.
Байсуфинов — тәжірибелі әрі білікті бапкер
«Байсуфинов өте тәжірибелі және білікті бапкер. Ол біздің құраманың ойынын да, нәтижесін де жақсарта алады деп сенемін. Тек оған жақсы команда құрып, жүйені қалыптастыруға уақыт беру керек», — деді бұрынғы шабуылшы Legalbet.kz-ке берген сұхбатында.
Турнир кестесі мен алдағы ойын
Қазақстан мен Солтүстік Македония J тобында өнер көрсетіп жатыр. Бұл топта сондай-ақ Бельгия, Лихтенштейн және Уэльс құрамалары бар.
Бұған дейін қазақстандықтар:
- екі рет Уэльстен (1:3, 0:1),
- бір рет Солтүстік Македониядан (0:1) және Бельгиядан (0:6) жеңіліп,
- екі мәрте Лихтенштейнді (2:0, 4:0) ұтқан.
Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі соңғы матчын 15 қараша күні өз алаңында Бельгияға қарсы өткізеді.