Beksports спорт порталы
Басты ақпаратКүрес

Әлем чемпионаты: қазақстандық грек-рим күресінің шебері финалға шықты

ҚР ҰОК

Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің шебері Ержет Жарылқасын финалға жолдама алды.

63 келіде күресетін отандасымыз жартылай финалда ресейлік Садық Лалаевты уақытынан бұрын ұтты. Осылайша ол финалға шығып, енді Әзербайжан өкілі Нихад Мамадлимен өзара мықтыны анықтайды.

Ержет бүгінгі жарыстың бірінші айналымында Польша балуанымен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті (9:0). Ал ширек финалда француз спортшысын 10:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шықты.

Ал 55, 72, 82 келіде белдескен отандық балуандар іріктеу кезеңінде сүрінді.

Ұқсас жаңалықтар

World Boxing: қазақстандық екі боксшы жарыстың алғашқы кезеңінде өзбек спортшыларымен кездеседі

Redaktor

«Ағайынды Сабырхандар жоқ!»: Әлем кубогінің финалына қатысатын боксшылар белгілі болды

Redaktor

«Алғаш рет!»: Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына жолдама алды

Redaktor

Пікір жазу