Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Әлем чемпионатында жеңіліп, халықты кінәлаған боксшыға екі бөлмелі пәтер табысталды

ҚФБ

Жуырда ғана Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетіп, жанкүйерлерге ауыр сөздер айтқаны үшін сынға ұшыраған Сабыржан Аққалықовқа өзі тұратын Қарағанды облысы Шахтинск қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

2021 жылы Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов 64 келі салмақта топ жарған болатын. Финалда ол өзбекстандық боксшы Бозорбой Матякубовты жеңіп, чемпион атанған еді. Сол жылы жергілікті әкімдік Аққалықовтың жарқын жеңісі үшін пәтер сертификатын табыстаған. Алайда осы уақытқа дейін спортшыға пәтердің кілті берілмей келген.

Енді, міне, араға 3–4 жыл салып, әкімдік уәдесін орындап, боксшы ұзақ күткен баспанасына қол жеткізді.

Айта кетейік, күні кеше Семей қаласында мәресіне жеткен ел біріншілігінде 23 жастағы Сабыржан Аққалықов 75 келі салмақта Қазақстан чемпионы атанды. Ол қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтып, финалда да сенімді жеңіске жетті. Сондай-ақ оған ерлер арасындағы ең үздік боксшы атағы берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды

Redaktor

Головкин рингке оралуы жайлы айтты

Redaktor

Күйеуіме ақшасын өзім төлеп, екі рет Меккеге жібердім – Дариға Бадықова

Redaktor

Пікір жазу