Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Бельгияның жұлдызы Кевин Де Брёйне Қазақстанға келмейтін болды

Getty Images/Global Images Ukraine

«Наполи» клубының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне жамбас бұлшықетін жарақаттап, ұзақ уақытқа ойыннан шет қалды.

Сенбі күні өткен Серия А матчы кезінде «Наполи» өз алаңында «Интерді» 3:1 есебімен жеңген болатын. Алайда Де Брёйне пенальти орындау сәтінде жарақат алып, бірінші таймның соңына дейін ойынды жалғастыра алмады.

Gazzetta dello Sport басылымының хабарлауынша, бельгиялық ойыншы 2025 жылдың соңына дейін алаңға шықпайды. Осы себепті ол 15 қарашада өтетін Бельгия – Қазақстан арасындағы әлем чемпионатына іріктеу кездесуіне қатыспайды.

Биылғы маусымда Де Брёйне «Наполи» сапында 11 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Ұқсас жаңалықтар

Хоккейден Қазақстан командасының Олимпиадаға іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды

Redaktor

Юлия Путинцева US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

Redaktor

Студенттік футболды дамытуға ерекше көңіл бөлеміз – ҚФФ президенті

Redaktor

Пікір жазу