Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Данияр Елеусінов мансабын аяқтауды жоспарлап отыр

ҰОК

Қазақстандық боксшы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы әрі кәсіпқой бокста IBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO) алдағы мансабы туралы әлеуметтік желідегі жазбасында ой бөлісті.

34 жастағы спортшы 2026 жылы бірнеше жолды қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін ол Дана Уайт пен Турки Әл аш-Шейх қолға алып, келер жылы іске қосылуы тиіс жаңа Zuffa лигасында өнер көрсетуі мүмкін екенін айтқан. Дегенмен соңғы жазбасында Елеусінов бұл бағытпен шектелмейтінін жеткізді.

Менен 2026 жылы не күтесіздер? Жаңа Zuffa лигасында жұдырықтасайын ба? Әлде елге қызмет етіп, жинаған тәжірибеммен бөлісейін бе? Сіздердің пікірлеріңіз мен үшін маңызды, – деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Елеусінов соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың шілде айында АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Вашингтон қаласында өткізді. Ол филиппиндік Джеймс Бейконды (26-6, 17 KO) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Боксшы 2020 жылдан бері кәсіби рингте бар болғаны төрт жекпе-жек өткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Хоккейден Қазақстан командасының жарыс кестесі жарияланды

Redaktor

Батырмурзаев Олимпиададағы алғашқы белдесуде жеңілді

Redaktor

Дана Уайт: Макгрегор 2024 жылы жекпе-жек өткізбейді

Redaktor

Пікір жазу