«Қайрат» және Қазақстан ұлттық құрамасының жас талантты ойыншысы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында ең жылдам ойыншылардың бірі болып танылды.
SofaScore деректеріне сүйенсек, Сәтпаевтың максималды жылдамдығы 33,6 км/сағ болды. Ең жылдам ойыншы – «Байер» форварды Эрнст Поку, оның жылдамдығы 33,9 км/сағ жеткен.
Чемпиондар лигасындағы ең жылдам ТОП-5 ойыншы:
-
Эрнст Поку («Байер») – 33,9 км/сағ
-
Дэвид Промис («Юнион») – 33,6 км/сағ
-
Энтони Гордон («Ньюкасл») – 33,6 км/сағ
-
Дастан Сәтпаев («Қайрат») – 33,6 км/сағ
-
Джед Спенс («Тоттенхэм») – 33,6 км/сағ
