Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Дастан Сәтпаев «Реал» ойыншысы Эндрикпен бірге үздіктер қатарына енді

"Қайрат" ФК

Алматының «Қайрат» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жас форварды Дастан Сәтпаев әлем футболындағы ең әлеуеті жоғары 21 жасқа дейінгі шабуылшылардың ТОП-10 қатарына енді.

Мұндай рейтингті халықаралық TransferRoom платформасы жариялады. Портал бағалауы бойынша, болашағынан зор үміт күттіретін жас таланттардың үздік ондығы төмендегідей:

Харалампос Костулас (Грекия, 18 жас), “Брайтон” – 91,3

Витор Роке (Бразилия, 20 жас), “Палмейрас” – 91,1

Кристиан Кофане (Камерун, 18 жас), “Байер” – 90,0

Кадер Мейте (Франция, 18 жас), “Ренн” – 89,8

Эндрик (Бразилия, 19 жас), “Реал” – 89,7

Кауа Элиас (Бразилия, 19 жас), “Шахтёр” – 88,8

Стефанос Цимас (Грекия, 19 жас), “Брайтон” – 88,8

Саму Агехова (Испания, 21 жас), “Порту” – 88,7

Конрад Хардер (Норвегия, 20 жас), “Лейпциг” – 88,6

Дастан Сәтпаев (Қазақстан, 17 жас), “Қайрат” – 88,5

Бұған дейін де Дастан Сәтпаев әлемнің ең перспективалы бес жас футболшысының қатарына кірген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Футзалдан Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

admin_beksports

Анна Данилина Будапешт турнирінің ширек финалында ойнайды

Redaktor

«Даму кубогындағы» негізгі мақсатымыз ресми жарыстарға дайындалу – Бауыржан Сағындық

Redaktor

Пікір жазу