Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Елена Рыбакина беделді турнирге жолдама алды

ҚТФ

Қазақстанның бірінші, ал әлемдік рейтингте 7-орында тұрған Елена Рыбакина Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Бұл жарыста 2-ракетка мәртебесіне ие қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингтің 23-сатысында тұрған 19 жастағы канадалық Виктория Мбокомен күш сынасты. Бірінші сетте Елена 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда тай-брейкте де қарсыласына мүмкіндік бермей, 7:6 (7:4) нәтижесімен матчты өз пайдасына аяқтады.

Осы жеңістің арқасында Рыбакина WTA чемпиондық рейтингінде ресейлік Мирра Андрееваны басып озып, 8-орынға көтерілді. Бұл оған маусым қорытындысы бойынша өтетін үздік сегіз теннисші арасындағы финалдық турнирге қатысу құқығын берді.

Ұқсас жаңалықтар

Жәмила Бақбергенова рейтингте көш бастады

Redaktor

UFC Рахмоновқа титулдық жекпе-жек ұсынды: Шавкат бас тартты ма?

Redaktor

ҰОК Головкиннің жалақысына қатысты ақпаратқа түсінік берді

Redaktor

Пікір жазу