Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Александр Заруцкийдің «Қайраттан» кетуі мүмкін екені жөнінде ақпарат тараған болатын. Кей деректерге сүйенсек, тамыз айынан бері жарақатына байланысты алаңға шықпаған қақпашы маусым соңында клубпен қоштасады деген болжам айтылған.
Алайда бұл мәліметке қатысты «Қайрат» футбол клубы ресми жауап беріп, ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
Бұл ақпарат жалған. Александр командамен бірге Чемпиондар лигасының ойындарына дайындалып жатыр. Келісімшартты бұзу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, – деді клуб президенті Қайрат Боранбаев.
Айта кетейік, Заруцкий 26 қазанда «Астанаға» қарсы өткен матч алдындағы жалпы жаттығуға қайта қосылып, қажет болған жағдайда қақпашы Темірлан Анарбековті алмастыруға дайын болған.
