Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Қайрат» алғашқы ұпайының арқасында қанша табыс тапты?

kazfootball.kz

Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғашқы ұпайын еншілеп, қаржылай сыйақыға қол жеткізді.

Үшінші турда алматылықтар өз алаңында «Пафос» командасымен 0:0 есебімен тең ойнады. Осы нәтижесі үшін «Қайрат» 700 мың еуро көлемінде сыйақы алады. Ал жеңіске жеткен жағдайда УЕФА тарапынан 2,1 миллион еуро төленер еді.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алғаны үшін-ақ «Қайратқа» 18,62 миллион еуро кепілдендірілген.

Бұған дейінгі ойындарда Рафаэль Уразбахтин шәкірттері сырт алаңда «Спортинг» клубынан 1:4 есебімен жеңіліп, кейін өз алаңында «Реал Мадрид» клубына 0:5 есебімен жол берген болатын.

Қазір бір ұпаймен «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы рейтингінде 33-орында тұр.

Келесі ойындар кестесі:

6 қараша — Интер – «Қайрат» (01:00)

26 қараша — Копенгаген – «Қайрат» (22:45)

9 желтоқсан — «Қайрат» – Олимпиакос (20:30)

20 қаңтар — «Қайрат» – Брюгге (20:30)

29 қаңтар — Арсенал – «Қайрат» (01:00)

Ұқсас жаңалықтар

Жеті қазақстандық боксшы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Redaktor

Міне, қызық! Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы белгілі болды

Redaktor

Анастасия Городко Қазақстан қоржынына екінші алтынды сыйлады

Redaktor

Пікір жазу