Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан 2025 жылғы IBA бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері аяқталып, финалға шыққан боксшылардың есімдері белгілі болды.
Финалда Ресей құрамасының 12 боксшысы алтын медаль үшін күш сынасады. Екінші орында – Өзбекстан құрамасы, олардың арасынан 6 боксшы финалға өтті. Үшінші орында Қазақстан құрамасы тұр. Шешуші кезеңге отандық 4 боксшы жетті.
Қазақстан құрамасынан финалда Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) және Сабыржан Аққалықов (75 кг) өнер көрсетеді.
