Орта салмақтағы WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) 6 желтоқсанда кубалық WBA чемпионы Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жекпе-жек өткізетіні белгілі.
Ал келесі күні IBF ұйымы америкалық Остин «Аммо» Уильямсты (19-1, 13 KO) ресми міндетті қарсылас ретінде бекітуді жоспарлап отыр.
Аммо Уильямс – Жәнібектің IBF тұжырымы бойынша міндетті қарсыласы. Оның қарсыласы көз жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмады. Сондықтан IBF Уильямсты ресми үміткер етіп бекітті. Ұйым Жәнібек пен Уильямс арасындағы жекпе-жекті тағайындады, бірақ Жәнібек командасы Ларамен өтетін кездесу үшін мерзімді кейінге шегеруге рұқсат сұрады. IBF Уильямсқа 7 желтоқсанда Жәнібек пен Лара арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы міндетті түрде Уильямспен кездесуі керек екенін хабарлады. Бұл – талқыланбайтын шешім. Келесі жекпе-жекте ол бірден бірнеше әлем чемпионының белбеуі үшін жұдырықтасады!, – деді Эдди Хирн.
Еске сала кетейік, Әлімханұлы мен Лара арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатының Сан-Антонио қаласында өтеді.

