Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Өзбек боксының үрейіне» айналған қазақстандық боксшы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Фото: ҚБФ

Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күнінде шаршы алаңға көтерілген Ақмола облысының өкілі Оразбек Асылқұлов Қазақстан чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол ақтөбелік Нұрболат Бекбауовпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Семей қаласында өтіп жатқан чемпионат 21 қазанға дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған Қазақстанның жаңа ұлттық бокс құрамасы жасақталады.

Асылқұлов — 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ ол «өзбек боксының үрейі» деген лақап атқа ие болған.

Бекбауов кәсіби рингте өнер көрсеткен тәжірибелі спортшы. 2020–2021 жылдары ол алты жекпе-жек өткізіп, 5 жеңіс және 1 жеңіліс (оның біреуі нокаутпен) нәтижесін көрсеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Жапонияда Grand Slam турнирі басталады

Redaktor

Алматыда ASSYLTAS қоғамдық қорының қолдауымен кәсіпқой бокс кеші өтеді

Redaktor

Темірлан Анарбеков әлемнің үздік ойыншыларының арасында екінші орынға көтерілді

Redaktor

Пікір жазу