Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Рафаэль Уразбахтин: Бізде Офридің орнына ойнай алатын футболшылар көп

Қайрат ФК

«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының бесінші турындағы «Копенгагенге» қарсы матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Чемпионат аяқталғаннан кейін біраз үзіліс болды. Біз ертеңгі матчты асыға күтеміз. Демала беріп шаршадық. Тынығатын, дайындалатын уақытымыз болды. Жақсы ойнап, жақсы нәтиже көрсетеміз деп сенемін, – деді Уразбахтин.

Офри Арад «Интермен» өткен матчтан кейін ота жасатқаны және жақын ойындарда қатыса алмайтыны туралы ақпарат шықты. Бас бапкер оның орнына Еркін Тапаловты көру мүмкіндігін атап өтті:

Офри матчтан кейін ота жасатуға кетті. Еркін Қазақстан құрамасында мықты ойыншы екенін көрсетті. Құрама бапкері менімен Бельгияға қарсы матч алдында Еркін сол позицияда ойнай ала ма деп сұрады. Жалпы Еркін – бірнеше позицияны жаба алатын әмбебап ойыншы. Сонымен қатар, бізде басқа ойыншылар да бар. Алдыңғы матчта Глазер толық дайын болмағандықтан, оны сақтадық. Қазір ол толық қалпына келді. Басқа ойыншылар да Офриді алмастыра алады.

«Интермен» өткен матчта Александр Мартынович ойнаған жоқ, оның орнына Александр Широбоков шықты. Мартыновичтің қазіргі жағдайына қатысты Уразбахтин былай деді:

Иә, Мартынович «Астанамен» болған ойында алған жарақатына байланысты «Интерге» қарсы ойнамады. Қазір қалпына келді, жалпы топта жаттығып жатыр. Бастапқы құрамға кім шығатынын ертең көресіздер. Широбоков «Интерге» қарсы ойнау мүмкіндігі алды. Бұл оның дамуына өте пайдалы болды. Ол жас ойыншы, әрі қарай өсе береді. Чемпиондар лигасына қатысу ойыншыларымыздың дамуына үлес қосады. Широбоков сенімді әрі сапалы ойнағаны бізді қуантады. Бапкерлер штабына болашағы зор жас қорғаушының бар екеніне сенім береді.

Ұқсас жаңалықтар

Флорентино Перес 2026 жылы «Реал» президенті қызметінен кетеді

Redaktor

Дамир САДЫРОВ: Мектеп спорт залынан әлемдік джиу-джитсу татамилеріне дейін

admin_beksports

Данияр Елеусінов рингке ақпан айында шығады

Redaktor

Пікір жазу