Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Ресми: «Қайрат» пен «Пафос» арасындағы матчқа кіру тегін

"Қайрат" футбол клубы

Алматының «Қайрат» футбол клубы UEFA Жасөспірімдер лигасы аясындағы Кипрдің «Пафос» командасымен өтетін матчқа қатысты мәлімдеме жасады.

«Қайрат» U-19 және «Пафос» U-19 командалары арасындағы кездесу 21 қазан күні «Қайрат» академиясының алаңында өтеді, ойын сағат 12:00-де басталады.

«Матч ашық форматта өтеді! Жанкүйерлер UEFA Жасөспірімдер лигасының үшінші турындағы «Қайрат» пен «Пафос» арасындағы ойынды тегін тамашалай алады. Кіру тегін!», делінген «Қайрат» клубы таратқан ақпаратта.

Ал бүгін кешке «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің үшінші тур аясында «Пафос» командасын қабылдайды. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтеді және сағат 21:45-те басталады.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы матчтарының кестесі:

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасында екі ойын өткізіп, жеңіліп қалды: сырт алаңда «Спортингтен» (1:4) және өз алаңында мадридтің «Реалынан» (0:5).

Жалпы кезеңде алматылық команда 8 матч өткізеді (4 матч – өз алаңында, 4 матч – сыртта):

6 қараша: «Интер» – «Қайрат» (сағат 01:00)

26 қараша: «Копенгаген» – «Қайрат» (сағат 22:45)

9 желтоқсан: «Қайрат» – «Олимпиакос» (сағат 20:30)

20 қаңтар: «Қайрат» – «Брюгге» (сағат 20:30)

29 қаңтар: «Арсенал» – «Қайрат» (сағат 01:00)

Ұқсас жаңалықтар

Cтанислав Черчесов: Ұлттық құрамаға Стас Покатилов оралды

Redaktor

«Шахтер» мен «Ертіс» бірінші лиганың чемпиондығына таласпақ

Redaktor

Сәкен Бибосынов неге жеңілді? Айтжанов себебін түсіндірді

Redaktor

Пікір жазу