Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Ұлттық құраманың ерке баласы»: Нұрбек Оралбай Қазақстан чемпионатына қатыспайды

aikyn.kz

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай жарақатына байланысты алдағы Қазақстан чемпионатына қатыспайтын болды.

Бокстан ел біріншілігі 14–21 қазан аралығында Семей қаласында өтеді. Биылғы додаға еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады, оның ішінде 246 ер және 125 әйел былғары қолғап шебері бақ сынайды.

Семейдегі ел біріншілігіне жуырда ғана Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында жүлде алған боксшылар қатыспайды. Бұдан өзге, әлем чемпионатында жүлдеден тыс қалған Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайдың да жарақатына байланысты ел біріншілігіне қатыспайтыны белгілі болды.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты – елдегі басты ұлттық іріктеу турнирлерінің бірі. Оның нәтижесі келер жылғы халықаралық жарыстарға қатысатын боксшылар құрамына тікелей әсер етеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат» жеңіске жете алмады

Redaktor

Сүйінші! Қазақстандық спортшы әлем чемпионатынан тарихи медаль жеңіп алды

Redaktor

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден озды

Redaktor

Пікір жазу