Beksports спорт порталы
Бокс

Алматыда ASSYLTAS қоғамдық қорының қолдауымен кәсіпқой бокс кеші өтеді

1 маусым күні Алматыда ASSYLTAS қоғамдық қорының қолдауымен кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды beksports.kz.

Қазақстандық боксшылар Виктор Коточигов пен Мирас Ертанов 63,5 келі салмақ дәрежесінде Golden Grand Prix аясында жартылай финалдық жекпе-жекке шығады. Бұл қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасындағы гран-при жүлдесі үшін өтетін тұңғыш жарыс. Болашақ жеңімпаз 3 000 000 теңге иеленеді. Бокс кешіне  ASSYLTAS қоғамдық қоры қолдау көрсеткен.

Сонымен қатар аса ауыр салмақта Нұрсұлтан Аманжолов, ағайынды боксшылар Санатәлі мен Саматәлі Төлтаевтар, ару боксшы Балаусa Мұздыман және ұлттық құрама өкілі Ертуған Зейнуллинов және өзге де талантты боксшылар рингте жұдырықтасады. Бокс кешін жас промоутер Серік Ноян ұйымдастырады.

Ұқсас жаңалықтар

«Тікелей қиянат жасады». Амалбек Тшанов бас жаттықтырушыға қатысты ойын айтты

Redaktor

Жәнібек Әлімханұлы допинг тесттен өте алмай қалды

Redaktor

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның бір боксшысы жеңілді

Redaktor

Пікір жазу