Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Ермахан Ибраимов жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді

13-18 ақпан күндері аралығында Алматы облысында Ермахан Ибраимов атындағы халықаралық бокс турнирі өтеді. Олимпиадалық даярлау орталығында жалауы желбірейтін сынға Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан боксшылары қатыспақ.

Аталған жарыста Ермахан Ибраимовтың жүлдесіне арналған жетінші турнир болғалы отыр. Бәсеке барысында жанкүйерлер талантты жас боксшылардың тартысты жекпе-жектерін тамашалай алады.

Турнирдің басты мақсаты – жас спортшылардың әлеуетін ашу, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті боксшыларды даярлау және Қазақстанда бокстың дамуына үлес қосуға бағытталған.

Ермахан Ибраимов Сидней Олимпиадасында 71 келіде чемпион атанған. Сондай-ақ, ол 1996 жылы Атланта Олимпиадасында қола медаль иеленді. 1998 жылы Азия ойындарын ұтса, екі мәрте Азия чемпионатында топ жарды. Бұдан бөлек, ол әлем чемпионатында күміс (Будапешт-1997) және қола (Хюстон-1999) жүлдеге ие болды.

Фото: youtube.com/@ruslansport

Ұқсас жаңалықтар

Дастан Сәтпаевтың жалақысы белгілі болды

Redaktor

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатына дайындалуда

Redaktor

Көшпенділер ойыны еліміз үшін үлкен имидждік жоба болмақ — Дулат Тастекей

Redaktor

Пікір жазу