Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Күтпеген нәтиже: Ливерпульдегі әлем чемпионатының қатысушысы ел біріншілігінде алтынсыз қалды

Қазақстан бокс федерациясы

Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. 60 келі салмақта Серік Теміржанов пен Бибарыс Жексен жұдырықтасып, біріншісінің мерейі үстем болды.

Бірінші раундта Жамбыл облысының өкілі Бибарыс Жексен (4:1 есебімен) басым түссе, екінші раундта дәл сондай есеппен Павлодар облысының намысын қорғаған Серік Теміржанов жеңісті өз пайдасына жазды. Ал шешуші, үшінші раундта Теміржанов айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Жалпы есеп – 4:1 Теміржановтың пайдасына.

Айта кетейік, Серік Теміржанов – 2021 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ал жас боксшы Бибарыс Жексен жуырда ғана Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында өнер көрсетіп, жүлдесіз қалған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпай қалай бұйырды?

Redaktor

«Ол жазаға лайық»: Лара Жәнібек Әлімханұлын жазалауды талап етті

Redaktor

Күн сайын түрме мен аурухананың арасында жүрдім – Баян Есентаеваның үлкен қызы

Redaktor

Пікір жазу