Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Назым Қызайбай үлкен спорттағы мотивациясының сырын айтты

Бокс федерациясы

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай не себепті ұзақ жылдар бойы үздіксіз еңбек етіп келе жатқанын айтып, жақындарының өз өміріндегі рөлін атап өтті.

Спортшы өзінің басты шабыт көзі – туғандары екенін жасырмады.

«Көпшілік алға ұмтылуға күш беретін — туған бауырлары, жақындары, балалары немесе ата-анасы дейді. Мен де осы оймен келісемін. Әрқашан алға ұмтылып, ең алдымен өзімнің ата-анама, бауырларыма, жақындарыма көмектесу үшін еңбек етіп келемін. Бұл мені бала күнімнен жігерлендірді. Адамның жақындарына қолдау көрсеткісі келуі – оған одан да көп еңбек етуге, алға ұмтылуға күш береді», – деді Қызайбай.

48 келі салмақта өнер көрсететін Назым Қызайбай биыл наурыз айында әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ қыркүйекте Ливерпульде өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Осы нәтижелерімен ол Қазақстан боксы тарихында әлем чемпионатынан ең көп жүлде алған спортшы саналады: 3 алтын, 1 күміс, 1 қола.

Ұқсас жаңалықтар

Ержет Жарлықасын әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Redaktor

Қазақстандық боксшы Джалоловты нокаутқа түсіре алатынын айтты

admin_beksports

Астанада көкпар мен көкбөріден халықаралық жарыс өтеді

Redaktor

Пікір жазу