Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Ұйқыдағы» қазақ боксын ояттық – Бақыт Сәрсекбаев

Фото: әлеуметтік желі

Олимпиада чемпионы, бокстан Қазақстанның 22 жасқа дейінгі (U-22) құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев 2025 жылғы отандық былғары қолғап шеберлерінің нәтижесіне баға берді.

Бапкердің айтуынша, түгесілер жыл жалпы алғанда табысты өтті және алға қойылған мақсаттардың басым бөлігі орындалған.

«Өзім үшін жылды қорытындыласам, өткен жылға айтарлықтай өкпе-назым жоқ. Қазақ боксы үшін бұл жыл жемісті болды. Министрліктің қолдауымен құрылған резервтік құрам өз нәтижесін көрсетті. Тіпті қысылмай айта аламын – бұл ұйқыдағы бокстың дер кезінде алған, стратегиялық маңызы бар «шапалағы» болды», – деп жазды Сәрсекбаев Instagram парақшасында.

Оның сөзінше, резервтік құраманың құрылуы ұлттық құраманың кейбір босаңсып кеткен мүшелеріне де, белсенділігі төмендей бастаған федерацияға да серпін берген.

«Өздерін мәңгі бірінші нөмірміз деп жүрген ұлттық құраманың кейбір мүшелері оянды. Сонымен қатар еріншектікке бой алдырған бокс федерациясын да қимылдауға мәжбүр етті. Осылайша шағын ғана команда үлкен жұмыс атқарып, жалпы қазақ боксындағы климаттың өзгеруіне үлес қосты», — деді бапкер.

Бақыт Сәрсекбаев шәкірттерінің қысқа мерзімде көрсеткен нәтижесіне ерекше тоқталды.

«Менің «арландарым» артылған үмітті ақтады. Бар болғаны үш айдың ішінде Азияның екі чемпионатына қатысып, ел қоржынына 13 алтын және 4 күміс медаль салды. Мен бір нәрсеге толық көз жеткіздім: қазақ боксының болашағы зор. Көзі жанып тұрған, дарынды әрі ынталы жастарымыз бар. Ең бастысы – олармен жүйелі түрде жұмыс істеп, дұрыс бағыт-бағдар беру», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, 2025 жылы Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Бақыт Сәрсекбаев жетекшілік еткен Қазақстан құрамасы 22 алтын медаль жеңіп алған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от БАХЫТ САРСЕКБАЕВ🇰🇿 (@b.sarsekbayev)

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат» – «Астана» матчы туралы маңызды ақпарат жарияланды

Redaktor

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қырғызстаннан 268 спортшы қатысады

Redaktor

Анастасия Городко Қазақстан қоржынына екінші алтынды сыйлады

Redaktor

Пікір жазу