Beksports спорт порталы
ДзюдоЖаңалықтар

Тедди Ринер Олимпиадада ең көп жүлде иеленген дзюдошы атанды

Францияның даңқты спортшысы Тедди Ринер Олимпиаданың 7 жүлдесін иеленген алғашқы дзюдошы атанды. Ол жекелей сын бойынша 2008-2024 жылдары Олимпиада ойындарында 3 алтын, 2 қола жүлде иеленсе, командалық сында екінші рет топ жарды.

Осылайша Тедди Ринер дзюдодағы ең алып спортшы ғана емес, ең айтулы адамға айналды. Бұған дейін ол жетістік жағынан Олимпиаданың 5 жүлдесін иеленген Река Таниден (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) кейінгі екінші спортшы болған еді. Ал, Париж Олимпиадасында Ринер жекелей сын бойынша үшінші рет чемпион атанып, Жапониялық Тадахиро Номураның жетістігін қайталады.

35 жастағы француз өкілі ендігі жерде командалық сынды қоса есептегенде 5 дүркін Олимпиада чемпионы болып отыр. Сондай-ақ, ол әлем біріншілігінің 12 дүркін жеңімпазы. Ал Еуропа чемпионатында 5 мәрте топ жарған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ боксшыларын Головкиннің бапкері дайындайды

Redaktor

«Астана Арена» стадионы УЕФА матчтарын өткізуге дайын

Redaktor

16 жасар қазақстандық мансабын АҚШ-та жалғастырады

Redaktor

Пікір жазу