Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Англияда Дастан Сәтпаевты Майкл Оуэнмен салыстырып жатыр

«Қайрат» клубының баспасөз қызметі

«Челси Loan Army» атты Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақша — ағылшын клубының жалға берілген ойыншыларының өнерін жариялап отыратын танымал ресурс — «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың ойынын жоғары бағалады.

КПЛ-дың 25-турында өткен «Қызылжар» — «Қайрат» матчында 17 жастағы Дастан Сәтпаев кездесудегі жалғыз голдың авторы атанып, алматылық клубқа сырт алаңда жеңіс сыйлады.

Осы ойындағы голдан кейін Chelsea Loan Army парақшасы қазақстандық жас шабуылшының ойынын аңыз футболшы Майкл Оуэнмен салыстырды.

«Дастан Сәтпаев тағы да керемет гол соқты. Оның бойынан Майкл Оуэннің стилін көремін», — деп жазды парақша, футболшының гол соққан сәтін бейнежазба түрінде жариялап.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 2026 жылы 18 жасқа толған соң ресми түрде «Челси» клубына қосылады. Қазір ол «Қайрат» сапында жалға алу шартымен ойнап жүр.

Ұқсас жаңалықтар

TAS Group жас кәсіпкерлерді қолдауға 115 миллион теңге бөлді

Redaktor

Головкин менің ізімен жүріп келеді – Василий Жиров

Redaktor

Рыбакинаны жеңген теннисші Уимблдонда чемпион атанды

Redaktor

Пікір жазу