Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

«Қайрат» күтпеген жерден Чемпиондар лигасында жеңіліс тапты

Қайраттың баспасөз қызметі

Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Финляндияның КуПС клубымен кездесті. 

Матч Куопио қаласында өтті. Өкінішке қарай, Рафаэль Уразбахтин шәкірттері алғашқы кездесуде сенімді ақтамады.

Бірінші таймда таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Ал екінші кезеңде финляндиялық команда бірден Александр Заруцкий қорғаған қақпаға лап қойды. Ойынның 49-минутында Мохамед Туре есеп ашса, Яакко Оксанен 71-минутта екінші голды соқты. Қорытынды есеп – 2:0.

Қарымта кездесу 29 шілде күні Алматыда өтеді.

Жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде словакиялық «Слован» мен босниялық «Зриньски» арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі. Ал жеңілген команда УЕФА Еуропа лигасының үшінші кезеңіне өтеді

Ал бірінші іріктеу кезеңінде алматылық команда екі ойынның нәтижесімен Словенияның «Qлимпиясын» (1:1, 2:0) есебімен жеңді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан U-15 жастар құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Redaktor

Қазақстан үш күнде 27 алтын жеңіп алды

Redaktor

Қазақ баласы Australian Open турнирінің ширек финалына шыға алмады

Redaktor

Пікір жазу