Қазақстанның 21 жасқа дейінгі футболшылар құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясындағы сырт алаңдағы ойында Андорра командасынан ұтылды.
Матч Андоррада өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 67-минутта бұрыштамадан кейін Марк Родригес соқты. Бұған дейін бірінші таймда Андорра ойыншылары Дулат Талыспаев қорғаған қақпаның маңдайшасын шайқалтқан болатын.
Ойын статистикасы бойынша да Қазақстан айқын жеңілді:
-
соққылар — 18:7,
-
қақпаға тура соққылар — 5:3,
-
бұрыштамалар — 10:3,
-
қақпа бағанасы — 1:0.
Айта кетейік, Андорраның жастар құрамасы соңғы рет 2019 жылдың 19 қарашасында Түркия U-21 командасын 2:0 есебімен ұтқан еді.
Үш матч қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде үш ұпай бар. Қазір олар D тобында бесінші орында, өзінен төмен тек Андорра болған еді — енді қарсылас сол көрсеткішті жақсартты.
Еске салайық, Қазақстан жастар құрамасы іріктеу циклін Андорраны 1:0 есебімен жеңіп бастаған, кейін Англиядан 0:2 есебімен ұтылған болатын. Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі 2026 жылдың қазан айына дейін жалғасады.