Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

«Ордабасы» тағы жеңілді

Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қазақстан премьер-лигасының 24-турында Астананың «Жеңіс» клубынан да жеңілді.

Матч бастала салысымен «Ордабасы» тізгінді өз қолына алған. Алайда, одан еш пайда болған жоқ. Керісінше алаң иелері бірінші таймның өзінде-ақ өз қақпасына екі гол жіберіп алды. «Жеңіс» сапынан алдымен Лукас Будинский көзге түссе, екінші допты Адилио соқты.

Бірінші таймда шымкенттіктердің есепті қысқартатын мүмкіндігі болған. Алайда, Бауыржан Исламхан пенальтиден гол соға алмады. Оның тепкен добын қақпашы Мирослав Лобанцев қайтарды.

Бұған дейін «Ордабасы» Қостанайда «Тобыл» клубына есе жіберген.

Фото: «Жеңіс» баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы Кроуфордты жекпе-жекке шақырды

Redaktor

Тек қазақтармен ойнап жүрген «Қайсар» енді легионер алатын болды

Redaktor

Недовесов Швеция турнирінің ширек финалына шықты

Redaktor

Пікір жазу