Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутзал

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Семейден» басым түсті

Бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі раундында Алматыда «Қайрат» пен «Семей» өзара кездесті.

Кешегідей «Семей» тағы бірінші болып есеп ашып, одан кейін өз қақпасына топырлаған голдар жіберіп алды. Ақжол Дәрібайдың добына «Қайрат» бес соққымен жауап қайтарды.

Алдымен Эдсон Сантос 18-минутта таразы басын теңестірсе, одан кейін Денер, Невес де Лима, Кевин Арриета және Лукас Отанья мергендік танытты.

Айта кетейік, алғашқы турда «Семей» «Спортинг Лиссабонға» 4:6 есебімен есе жіберсе, «Қайрат» «Халадаштан» 4:0 есебімен басым түсті.

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» тағы жеңілді

Redaktor

Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді

Redaktor

ҰОК Олимпиадаға арнап ұлттық нақыштағы кәдесыйлар дайындады

Redaktor

Пікір жазу