Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарХоккей

«Сарыарқа» хоккей клубы мемлекет меншігіне қайтарылды

Қарағандыда заңсыз сатып алынған активтер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды beksports.kz,

2023 жылғы 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойды.

Негізгі міндеттер — заңсыз алынған мүлікті анықтау және мемлекетке қайтару, сондай-ақ, мүлікті заңсыз алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау.

Өңір прокуратурасы заңсыз берілген 37 жер телімін, сондай-ақ, құны 900 миллион теңге болатын «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды.

Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр.

«Мемлекеттің экономикалық мүддені қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке қатысты прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қабылданады», — деп жазылған Прокуратура хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирдің қола жүлдегерлері атанды

Redaktor

Хоккейден Қазақстан командасының Олимпиадаға іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды

Redaktor

Үш команда 7 ұпайдан жинады

Redaktor

Пікір жазу