Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Абат Айымбетов Қазақстанға оралуы мүмкін

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов жақын арада Түркияның «Адана Демирспор» клубынан ресми түрде кетіп, ҚПЛ-ға оралуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Айымбетов «Астана» клубының сапында жүр. Ол Қазақстан құрамасының матчтарынан кейін бірден астаналық команда қатарына қосылды. Енді Абат елордалық клубпен келісімшартқа қол қояды деген болжам бар.

Айымбетов өнер көрсеткен «Адана Демирспор» биыл Түркия Суперлигасындағы орнын сақтай алмады. Клуб төрт жыл ішінде алғаш рет жоғары лиганың мәртебесінен айырылды, сондай-ақ қаржылық қиындықтарға тап болды.

Қазақстандық шабуылшы «Адана Демирспор» сапында барлық турнирде 30 матч өткізіп, 5 гол соқты. Бұған дейін Айымбетов 2021-2023 жылдар аралығында «Астана» құрамында ойнап, 91 матчта 29 голдың авторы атанған еді.

Фото: ҚФФ

Ұқсас жаңалықтар

TAS Group жас кәсіпкерлерді қолдауға 115 миллион теңге бөлді

Redaktor

Бокстан еліміздің жастар құрамасы «Еуразия кубогына» қатысады

Redaktor

Астанада көкпар мен көкбөріден халықаралық жарыс өтеді

Redaktor

Пікір жазу