Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның бір боксшысы жеңілді

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстанның төрт боксшысы рингке шығып, үшеуі жеңіске жетті.

60 келіде ел намысын қорғап жатқан Алексей Хаванцев қырғыз Алихан Майранбековпен жұдырықтасқан. Төрешілер бұл жекпе-жекте жеңісті бір ауыздан Хаванцевқа берді. 1/8 финалда отандасымыз өзбек боксшысымен жұдырықтасады.

Ал, 86 келідегі Бақытжан Айтмұқан белорус боксшысы Андрей Румянцевтен жеңіліп, жарысты бірінші айналымнан аяқтады.

Қыздар арасында Аружан Жаңабаева (63 кг)ресейлік Милана Дзугаевадан басым түсті. Бірінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жібергеніне қарамастан, төрешілер қазақ қызына жеңісті бірауыздан берген жоқ. Енді 1/8 финалда Аружан Диас Мартинеспен (Венесуэла) кездеседі.

60 келідегі Толғанай Қасымхан да бірінші айналымнан қиындықсыз өтті. Ол Венесуэладан келген Хоселисті еш қиындықсыз жеңіп, келесі айналымға шығып отыр. 1/8 финалда ол өзбек боксшысымен жұдырықтасады.

Ұқсас жаңалықтар

Дастан да, Заруцкий де сыйлыққа лайық: «Қайрат» футболшыларға сыйлық беруге қатысты жаңа тәртіп енгізді

Redaktor

Олимпиадаға іріктеу: Хоккейден Қазақстан командасының жарыс кестесі

Redaktor

Ризабек Айтмұқан екі айда екінші рет әлем чемпионы атанды

Redaktor

Пікір жазу