Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

Демеу Жадыраевтың бапкерлікке кеткені дұрыс шығар: Юрий Мельниченко

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың спорттағы келешегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Демеу жасы келген спортшы. Оған спорттағы мансабын аяқтап, тәлімгер немесе қандай да бір спорттық ұйымның басшылығына кету қисынды деп ойлаймын. Оның зейіні мен патриоттық деңгейі өте жоғары», — дейді даңқты спортшы.

Айтуынша, Демеу Жадыраевтың орнын басатын жастар баршылық.

«Бірінші кезекте статистикаға мән беру керек. Жастар арасында әлем чемпионы атанған, әлем чемпионатының жүлдесін алған, Азия чемпионы атанған жастар бар. Ұлттық құраманың негізгі резерві солар. Бұған дейін де солай болған. Солай бола береді де. Олардан бөлек еш жерде көзге түспесе де еңбекқор, спортқа өмірін арнаған шеберлер бар. Елімізде күреспен айналысатындардың саны аз емес. Сол санды сапаға айналдыру керек», — дейді Юрий Мельниченко.

Фото: Виктор Федюнин

Ұқсас жаңалықтар

Темірлан Анарбеков: Ұлттық құраманың негізгі қақпашысы болғым келеді

Redaktor

Қазақстан құрамасы толық ораза ұстап жүр — бас бапкер

Redaktor

ҚПЛ-дың жаңа маусымының күнтізбесі анықталды

Redaktor

Пікір жазу