Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутзал

EURO-2026: Қазақстан мен Армения тең түсті

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы ЕУРО-2026 іріктеу кезеңі аясында Арменияға қарсы өз алаңындағы алғашқы ойынын өткізді.
Матч 4:4 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан Шыңғыс Есенаманов пен Азат Валиуллин бір голдан соқса, Дуглас дубль авторы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2024 жылдың қорытынды матчын өткізді. Келесі ойын 2025 жылы 1 ақпанда сырт алаңда Данияға қарсы өтеді.

Қазақстан – Армения – 4:4 (1:1)

Голдар: Есенаманов 18, Дуглас 26, 32, Валиуллин 31 – Меликян 5, Дермениян 29, 36, Петросов 33

Ескерту: Дермениян 27, Гандилян 36

Қазақстан: Серіков, Дәрібай, Валиуллин, Есенаманов, Дуглас – Игита (к), Бахтияров, Абдуманапұлы, Сағындыков, Тұрсағұлов, Рашит, Карменов, Оразов, Қайырбай;

Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака.

Армения: Агаджанов, Манукян, Саносян (к), Неведров, Мелконян – Карабекянс, Гандилян, Маргарян, Меликян, Хатуев, Дермениян, Пататян, Петросов;

Бас бапкер: Рубен Назаретян.

Төрешілер: Ларс ван Лееувен, Ибрагим эль Джилати, Юрн Те Клузе (бәрі – Нидерланд)

18.12.2024. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы.

Ұқсас жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы қысқартылды

Redaktor

Елдос Сметов Олимпиада ойындарына үшінші рет қатыспақ

Redaktor

Дастан Сәтпаев «Реал» ойыншысы Эндрикпен бірге үздіктер қатарына енді

Redaktor

Пікір жазу