Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріЖаңалықтар

Геннадий Головкин ХОК-тің штаб-пәтеріне барды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин және бас хатшы Әлімжан Ақаев ресми іс-сапармен Лозаннаға (Швейцария) барды.

Қазақстан ҰОК басшылығы Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) штаб-пәтеріне барып, ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.

Сапар барысында 2025 жылға дейін Олимпиадалық қозғалысты дамыту бағыттары, алдағы Олимпиада ойындарына дайындық пен оны өткізу мәселелері, сондай-ақ 2024 жылы Қазақстан ҰОК атқарған жұмыстардың қорытындылары талқыланды. Қазақстандық делегация алдағы жылдарға арналған негізгі жоспарлары, оның ішінде 2028 жылғы Олимпиадаға дайындық бағдарламасымен бөлісті.

Сонымен қатар, Геннадий Головкин мен Әлімжан Ақаев ХОК мүшелерімен және ХОК Атқару комитетінің отырысына, сондай-ақ олимпиадалық саммитке қатысу үшін Лозаннаға келген басқа да халықаралық спорт ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Ұқсас жаңалықтар

Қайсар Бекенов елорда клубына директор ретінде оралды

Redaktor

Черчесов жылдың соңғы екі матчына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады

Redaktor

5 млн теңге: Абиба Әбужақынова қалың малы қанша екенін айтты

Redaktor

Пікір жазу