Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутзал

Қазақстан мен Армения арасындағы ойынның билеттері сатылымға шықты

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан мен Армения ұлттық құрамалары арасындағы Еуро-2026 іріктеу матчына билеттердің онлайн сатылымы басталғанын хабарлайды.
Еске сала кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Армения, Дания және Албаниямен кездеседі.

13 желтоқсан күні Пауло Рикардо Кака шәкірттері іріктеу кезеңін Албанияға қарсы сырт алаңдағы матчпен бастайды. 5 күннен кейін Қазақстан құрамасы Армения командасын қабылдайды. Матч 18 желтоқсан күні Алматы қаласында, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Басталуы – 19:30.

Билеттерді ticketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады. Бағасы – 1000 теңгеден басталады.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Жібек жолы» халықаралық турниріне қатысатын боксшылар анықталды

Redaktor

Қазақстанның бес дүркін чемпионы Бірінші лигаға жолдама алды

Redaktor

ҚПЛ-дың жаңа маусымының күнтізбесі анықталды

Redaktor

Пікір жазу