Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Қазақстан U-17 құрамасы Минсктегі жарысқа қатысады

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 16-21 ақпан аралығында Минскте (Беларусь) өтетін «Даму кубогы» халықаралық турнирінде ойнайды. Қазақстан U-17 құрамасының оқу-жаттығу жиыны 8 ақпанда Талғардағы ҚФФ құрама командалары базасында өтеді.

Жарысқа сегіз команда қатысады: Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Тәжікстан (бәрі – U17) және бразилиялық BSA Academy командасы. Командалар екі топқа бөлінеді. «Б» тобында біздің команда Иран, Тәжікстан және Ресей құрамаларымен ойнайды. «А» тобы Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан және BSA Academy командалары бақ сынасады.

Даму кубогы-2025 матчтарының кестесі (Қазақстан уақыты көрсетілген):

16 ақпан (жексенбі)

12:30 BSA Academy — Өзбекстан U17

14:50 Иран U17 — Қазақстан U17

17:10 Ресей U17 — Тәжікстан U17

20:00 Беларусь U17 — Әзербайжан U17

17 ақпан (дүйсенбі)

13:00 Иран U17 — Тәжікстан U17

15:20 BSA Academy — Әзербайжан U17

17:40 Ресей U17 — Қазақстан U17

20:00 Беларусь U17 — Өзбекстан U17

19 ақпан (сәрсенбі)

13:00 Өзбекстан U17 — Әзербайжан U17

15:20 Қазақстан U17 -Тәжікстан U17

17:40 Ресей U17 — Иран U17

20:00 Беларусь U17 — BSA Academy

21 ақпан (жұма)

12:00 «А» тобының төртінші орны – «В» тобының төртінші орны

14:20 «А» тобының үшінші орны – «В» тобының үшінші орны

16:40 «А» тобының екінші орны – «В» тобының екінші орны

19:00 «А» тобының жеңімпазы – «В» тобының жеңімпазы.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада грэпплингтен Азия чемпионаты өтеді

Redaktor

Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогі өтті

Redaktor

Белгілі кәсіпкер Азия чемпионы Азамат Дәулетбековке көлік сыйлады

Redaktor

Пікір жазу