Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

Қазақстандық балуан Париждегі жеңілісіне қатысты ойын айтты

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде жеңілген соң, журналистерге сұхбат берді, деп жазады Olympic.kz.

Айта кетелік, Әлішер кешегі жарыс күнінде Олимпиаданың финалисті Ахмед Тажудиновтен, бүгін ирандық Азарпира Амиралиден жеңілді.

«Өмірімдегі екінші Олимпиада болған соң, жүлдені қатты алғым келді. Білмеймін, дайындығым жетпей қалған сияқты. Кеше Тажудиновпен белдесу жақсы басталған. Ағайларымның тактикасымен оны кілемнен шығарып, шаршатуым керек еді. Бірақ асығып кеттім. Өкінішті. Ал бүгінгі белдесудегі қарсыласым да өте мықты. Лос-Анджелес Олимпиадасына да барамын деп  нақты айта алмаймын.

Ел үмітін ақтай алмадым. Кешірім сұраймын», — деді Ерғали.

Фото: Olympic.kz

Ұқсас жаңалықтар

Дана Уайт: Макгрегор 2024 жылы жекпе-жек өткізбейді

Redaktor

Ақсуаттағы спорт фестивалінде халық Ринат Зайытовке су жаңа автокөлік мінгізді

Redaktor

ҰОК Олимпиадаға арнап ұлттық нақыштағы кәдесыйлар дайындады

Redaktor

Пікір жазу