Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарММА

«Осы құртты». Шавкат Өтемұратовтың баласымен бірге жүрем деп сынға ұшырады

Getty Images

UFC-де жеңіліссіз өнер көрсетіп жүрген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен Forbes тізіміне енген кәсіпкер Алидар Өтемұратов бірлескен жаттығу өткізді.

Dar Team залындағы ерекше кездесу

Белгілі кәсіпкер Алидар Өтемұратов әлеуметтік желідегі парақшасында Dar Team командасымен өткізген жаттығу видеосын жариялады.

Бейнежазбада Шавкат Рахмоновтың спарринг арасындағы үзілісте Өтемұратовқа кейбір жекпе-жек әдістерін көрсетіп, кеңес беріп жатқан сәттері көрініс тапқан.

«Шавкат үйретіп жатыр», – деп жазды Өтемұратов өзінің Instagram парақшасында.

Forbes тізіміндегі кәсіпкер және әлем аренасындағы чемпион

Алидар Өтемұратов – Dar Team жобасының негізін қалаушы және Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша елдегі ең бай 75 адамның қатарына енген бизнесмен.

2024 жылғы деректерге сәйкес, оның байлығы 161 миллион АҚШ долларына бағаланған және рейтингте 59-орында тұр.

Ал Шавкат Рахмонов –UFC ұйымында жеңіліссіз нәтиже көрсетіп келе жатқан қазақстандық жауынгер, ел мақтанышы әрі әлемдік деңгейде танымал спортшы.

Шавкат пен Алидардың бірлескен жаттығуы желіде қызу талқыланып, спорт сүйер қауымның қызығушылығын тудырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық теннисшілер ITF Juniors турнирлерінде үздік шықты

Redaktor

Қазақстан құрамасы Президент Кубогындағы алғашқы матчта «Ладаға» ойсырай жеңілді

Redaktor

Хоккейші Андрей Шутов словакиялық «Слован» командасына ауысты

Redaktor

Пікір жазу