Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Шетелдік жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлын жазалауды талап етті

Жәнібек Әлімханұлының екі бірдей чемпиондық титулдың тағдырын шешетін Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі өтпегеніне жанкүйерлер наразы, деп хабарлайды beksports.kz.

Шетелдік бокс әуесқойлары, соның ішінде Андрейдің жанкүйерлері бұл жағдайға үндемей қала алмады.

Көбісі қазақстандыққа тезірек сауығып кетуді тілесе, басым көпшілігі Жәнібек пен оның командасының әрекеті кәсібилікке жатпайтынын айтып, сынға алды.

Бокс әуесқойларының тағы бір бөлігі бұл «салмақ қуудың» жекпе-жек өнеріндегі бұрыннан келе жатқан мәселе екенін айтты, содан кейін Жәнібекке жоғары салмақ дәрежесіне өтуді ұсынды.

Андрей Михайловичтің кейбір жанкүйерлері Жәнібек Андреймен жекпе-жектен қашу үшін және атақтарын жоғалтпау үшін әдейі салмағын көтере алмады деген пікір қалдырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан – Солтүстік Корея матчы тікелей эфирден көрсетіледі

Redaktor

Армрестлингтен әлем чемпионаты: Қазақстан 82 алтын медаль жеңіп алды

Redaktor

Бұрын «Таразда» ойнаған футболшы QFL-ге басшы болып тағайындалды

admin_beksports

Пікір жазу