Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Шорт-трек жаттықтырушысы 5,9 млн теңгені қалтасына басқан

Қостанайда шорт-тректен балалар мен жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы бюджеттің 6 миллионға жуық қаражатын жымқырды деп айыпталды.

Облыстық прокуратура бюджет қаражатын ұрлауға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау актісі бекіткенін хабарлады.

«Тергеу барысында 2022 жылғы қазаннан 2024 жылғы қаңтарға дейін Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шорт-трек бойынша жаттықтырушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жиындар мен жарыстарға іс жүзінде бармаған адамдарды заңсыз көрсету жолымен шығындардың нақты сомасын ұлғайта отырып, жалған аванстық есептер құрастырғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Жаттықтырушы түскен ақшаны қалтасына басып, иемденіп алған. Жалпы ұрланған бюджет қаражатының сомасы – 5,9 млн теңге болғаны анықталды. Күдікті қолды қылған бюджет қаржысын депозиттік шотына аударып, заңды айналымға салған. Осылайша ай сайын 9,6 пайыздық мөлшерлемемен сыйақы алып отырған.

«Депозит бойынша пайыздық сыйақы түріндегі жария етілген қылмыстық кіріс сомасы 613,1 мың теңге болды. Оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде ұрлау) 218-бабының 1-бөлігі (ақшаны заңдастыру (жылыстату), яғни конверсия түрінде мәмілелер жасау арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңды айналымға тарту) бойынша сараланады», – деп хабарлады облыстық прокуратура.

Жаттықтырушы алты жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ мүлкі тәркіленіп, жеті жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза тағайындау көзделіп отыр.

Фото: ҰОК

Ұқсас жаңалықтар

Астанада грэпплингтен Азия чемпионаты өтеді

Redaktor

«Қайрат» — Қазақстан чемпионы атанды

Redaktor

ҰОК Головкиннің жалақысына қатысты ақпаратқа түсінік берді

Redaktor

Пікір жазу