Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

Әлішер Ерғалидің жеке бапкері өз пікірін білдірді

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғалидің жеке бапкері Пернебек Беласар Olympic.kz сайтына Париж Олимпиадасындағы ширек финалдық жекпе-жекті қорытындылады.

«Өте өкінішті. Біз жақсы дайындықпен келген едік. Төрт ұпай бәрін шешіп кетті.

Біздің мақсатымыз қарсыласты шаршату болған. Алайда, тағы да айтамын, сол төрт ұпай жоспарымызды бұзды.

Тажудиновті бабында емес деп айтуға болмайды. Олимпиада болған соң, барлық балуан бабында келеді.

Осы жеңіліс үшін халықтан кешірім сұраймыз. Енді Ахмед финалға шықса, әрі қарай жақсы күресеміз деп ойлаймын», — деді Әлішердің жеке бапкері Пернебек Беласар.

Фото: Сали Сабиров

Ұқсас жаңалықтар

Өтемұратов Димашқа теннис туралы ән жаздыруы мүмкін

Redaktor

Сабыржан Аққалықов қарсыласын нокаутқа түсірді

Redaktor

Өзбек боксшылары Қазақстанның ең үздік боксшыларын атады

Redaktor

Пікір жазу