Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

Ризабек Айтмұқан Албанияда әлем чемпионатының финалына шықты

Еркін күрестен Ұлттық құраманың көшбасшысы Ризабек Айтмұхан Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының (U23) ақтық сынына шықты. 

Қазақстандық балуан жартылай финалда Шамиль Имам Гаджалиевті (Бейтарап атлет) 7:4 есебімен ұтты. Финалдық кезең ертең, 27 қазанда өтеді.

Тағы бір қазақстандық балуан Алан Оралбек (57 кг) Албанияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола медалі үшін сынға түседі.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан қыркүйекте Испанияда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған болатын.

 

Ұқсас жаңалықтар

«ПСЖ клубының төрт ойыншысы бар»: 2025 жылдың ең үздік футболшысы атағына үміткерлер тізімін жариялады

Redaktor

World Boxing: қазақстандық екі боксшы жарыстың алғашқы кезеңінде өзбек спортшыларымен кездеседі

Redaktor

Тағы да жақарат па?: Бақтиер Зайнутдинов қараша айындағы ойындарға қатыспайды

Redaktor

Пікір жазу