Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

Жәмила Бақбергенова рейтингте көш бастады

Біріккен күрес әлемі ресми сайтында әйелдер күресінен 72 келі салмақта балуандардың рейтингінде жаңа көшбасшы анықталды.

 Бұған дейін бұл салмақта көш бастап тұрған жапондық Ами Иши 2024 жылы Тиранада өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын. Алайда, 2025 жылы Амманда өткен Азия чемпионатындағы жарқын жеңістен кейін Жәмила Бақбергенова жапон спортшысын рейтингтің бірінші сатысынан ығыстырды.

29 жастағы Бақбергенова Азия чемпионатының финалында Қытай балуаны Юки Люді жеңіп, өзінің құрлықтық додадағы төртінші алтын медалін алған еді.

Фото: ҰОК

Ұқсас жаңалықтар

Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Хорватиядағы турнирде топ жарды

Redaktor

EURO-2026: Қазақстан құрамасы футзалдан іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Redaktor

Көп легионер әкелсе 40 млн теңге төлейді

Redaktor

Пікір жазу