Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарММА

Рахмонов жеңіліп көрмеген ирландиялықпен жекпе-жекке келісті

UFC-де өнер көрсететін ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жекке шыққысы келетінін кезекті рет мәлімдеді.

Бұл туралы ол Лас-Вегастағы UFC 303 турнирінде америкалық Майкл Пейджді (22-3) жеңгеннен кейін айтты.

«Мен онымен бірге жаттыққанмын. Оған құрметтен басқа сезімім жоқ, бірақ мен оны жеңген алғашқы файтер болғым келеді және олай істей алатыныма сенемін», — дейді ирландиялық.

Рахмонов бұл жазбаға бірден жауап берді.

«Иэн жаттығу кезінде не болғанын ұмытып қалған сияқты. Мұны оның есіне салуға қарсы емеспін», — деп жазыпты Шавкат.

Фото: ©Vesti.kz/Turar Kazangapov

Ұқсас жаңалықтар

Өскеменде ескірген футбол алаңы жаңғыртылды

Redaktor

«Тікелей қиянат жасады». Амалбек Тшанов бас жаттықтырушыға қатысты ойын айтты

Redaktor

Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған журналистер арасында бильярдтан республикалық дәстүрлі турнир өтті

admin_beksports

Пікір жазу