Спортивный портал Beksports
НовостиХоккей

Хоккейші Андрей Шутов словакиялық «Слован» командасына ауысты

Қазақстандық қақпашы Андрей Шутов Словакияның «Слован» хоккей командасына ауысты. Бұл туралы словакиялық команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Өскемен хоккей мектебінің түлегі биылғы маусымды елордалық «Барыс» командасының сапында өткізді. Қақпашы «Барыс» жүйесінде 3 жылдан астам уақыт өнер көрсетті. Былтыр ол Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында барлығы 2 000 минут ойнады.

Андрей Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында 39 ойын өткізді. Сондай-ақ ол биыл Чехияда өткен әлем чемпионатында 6 кездесуде мұз айдынына шықты.

Похожие записи

Головкин заявил, что хочет выхода Казахстана из IBA

Redaktor

Форвард Станислав Бочаров присоединился к «Барысу»

Redaktor

Футзалдан Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

admin_beksports

Оставить комментарий