Таиландта өтіп жатқан бокстан бүкіләлемдік лицензиялық турнирде ұлттық құрама мүшесі Валентина Хальзова алғашқы айналымды сәтті бастады, деп хабарлайды beksports.kz/rus.
75 келі салмақта сынға түсіп жатқан Хальхова алғашқы айналымда украиналық Каролина Махноны сенімді жеңді.
Еске салып өтсек, қазірге дейін ел құрамасынан Назым Қызайбай (50 келі) Николь Дурикованы және Римма Волосенко (60 келі) германиялық Фелиситас Мария Ганглбайерді жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Сондай-ақ, әйелдер құрамасында енді Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Наталья Богданова (66 келі) сынға түседі.
Таиландтағы іріктеу турнирі 3 маусымда аяқталады.