Спортивный портал Beksports
НовостиФутбол

Футзалдан Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Футзалдан Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Өзбекстанның Самарқан қаласында футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды beksports.kz/rus.
Турнир 14 қыркүйек – 6 қазан аралығында Ташкент, Бухара және Әндіжан қалаларында өтеді.
Қазақстан ұлттық құрамасы жеребе қорытындысы бойынша «D» тобына түсті. Қарсыластары – Испания, Жаңа Зеландия және Ливия құрамалары.
Топтық кезеңіндегі ойындарымыз 15, 18 және 21 қыркүйекте Әндіжан мен Ташкентте өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан төрткүл дүние додасына төртінші рет қатыспақ. Бұған дейін біздің футзалшылар Гватемала, Колумбия және Литвада өткен әлем біріншіліктеріне қатысқан еді.

Қазақстан құрамасының ойындар кестесі:
15 қыркүйек
Испания – Қазақстан
Әндіжан әмбебап спорт кешені, Әндіжан

18 қыркүйек
Ливия – Қазақстан
Әндіжан әмбебап спорт кешені, Әндіжан

21 қыркүйек
Қазақстан – Жаңа Зеландия
«Хумо Арена», Ташкент.

Похожие записи

«Иртыш» — чемпион QFL Второй лиги 2024!

Redaktor

Анонсирован кард турнира Alash Pride FC 99

Redaktor

Легендарному уроженцу Казахстана подобрали неожиданного соперника для возвращения

Redaktor

Оставить комментарий