Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Нұрғали Нүсіпжанов желіде қошеметке бөленді

Фото: видеодан скриншот

ҚР Халық әртісі, қазақ өнерінің майталманы Нұрғали Нүсіпжанов жұбайы Жадыра Сейдешпен бірге фотосессия жасап, оның ерекше сәттерін өз парақшасында жариялады.

88 жастағы өнер иесі фотосессияның шығармашылық тұрғыдан да маңызды болғанын атап өтті:
«Творчествалық процесс сан-саланы қамтиды. Халық перзенті болғаннан кейін тың туындылар тудыру, талмай еңбек ету – ел-жұрт алдындағы перзенттік парызым. «Сұңқар» фотостудиясының қыз-жігіттері маған сый-құрмет көрсетіп, әр түрлі киім үлгілерін ұсынып, керемет фотосессия жасады. Ұжым жетекшісі Мұрат бауырыма, ұлттық костюмдерін ұсынған Бақыт қарындасыма, фотограф қызым Айданаға «жүз жасаңдар, айналайындар» деген ақ жарма бата-тілегімді бердім», – деп жазды әртіс.

Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешке үйленген. Ерлі-зайыптылардың махаббат хикаясы мен өзара сыйластығы көпшіліктің назарын жиі аударып келеді.
Жақында әлеуметтік желіде олардың отбасын құрғандарына 6 жыл толуына орай түсірілген бейнежазба тарады. Онда ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген ықыласы мен сүйіспеншілігі көрініс тапқан.
Желі қолданушылары видеоға жылы лебіздерін білдіріп, жұптың сүйіспеншілігі мен сыйластығына тәнті болған:

«Жадыра, сенің еңбегің зор. Ер адамды, халық азаматын сыйлап, қадірлеп жүргенің үшін алғыс. Ағаның жарқырап жүруі – сенің еңбегің», «Керемет жарасымды жұп. Құдай қуат берсін, жүзге жетіңіздер», – деп жазды желі қолданушылары.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Nurgali Nusipzhanov (@nurgali_nusipzhanov_official)

Ұқсас жаңалықтар

Тамара Асар «Қазақстанның Халық әртісі» атанды

Redaktor

Асылхан Төлеповтің қарындасы екінші рет тұрмысқа шықты

Redaktor

Мөлдір Мұқан «Қорқыт–қобыз» әнін орындап, жұрттың сынына қалды

Redaktor

Пікір жазу