Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Әнші Айгерім Қалаубаева биімен желіні шулатты

видеодан скрин

Белгілі әнші Айгерім Қалаубаева әлеуметтік желіде жариялаған би видеосы үшін оқырмандарының сынына қалды.

Би видеосы дау тудырды

Әнші өз Instagram парақшасында қысқа бейнежазба жариялап, онда ашық киіммен би билеген. Бейнежазбада Қалаубаева еркін қимылдап, әзіл аралас жазба қалдырған:

«Үміт тәтемнің әдемі биінен кейін мен салуға ұялып қалдым ғой. Менің ұзааақ дайындалған биімді сіздер бір күнде жаттап алыпсыздар ғой.  Келесіде бұндай киім кимеймін. Ну, это не точно», — деп жазды әнші.

Оқырмандардың реакциясы

Көпшілік бұл видеоны ұятқа балап, әншіні сынға алды. Пікірлердің басым бөлігі Қалаубаеваның имиджіне сай келмейтін қылық көрсеткенін атап өтті:

«Әлімжанов не деп жатыр екен?»,
«Қойшы, батпандай әйелсің, биің ұяттау»,
«Саған салмақтырақ бейне жарасады»,
«Адам есейген сайын сабырлы болуы керек қой»,
«Мынауың қылық емес, ерсі қимыл ғой», — деп жазды желі қолданушылары.

Әнші әзілмен жауап қатты

Айгерім Қалаубаева сынға мән бермей, жазбасында барлығын әзіл түрінде қабылдайтынын білдірді.

Дегенмен, кейбір желі қолданушылары оны “сахна мәдениетіне сай болуға” шақырды.

Қалаубаева бұған дейін де сахнадағы ашық образдары мен әлеуметтік желідегі белсенділігі арқылы жиі талқыға түсіп жүрген өнер иелерінің бірі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aikerim Kalaubaeva (@aikerim_kalaubaeva_official)

Ұқсас жаңалықтар

«Нұрмұқасан» тобынан жанжал шықты

Redaktor

Үш баласымен өзінен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан блогер жан сырын ақтарды

Redaktor

Төреғалидың қарындасы күйеуіне 1,5 млн теңгенің сөмкесін сыйлады

Redaktor

Пікір жазу