Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Асанәлі Әшімова үшінші жарынан туған қызы жан сырын ақтарды

21 желтоқсанда , Қазақстан және КСРО Халық әртісі, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек ері» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов дүниеден өтті. Марқұмның үшінші некесінен туған қызы Сағина Әшімова желіде жан сырын ақтарды.

 «Әкем… Жүрегімнің ішінде жүрегі.Сізді сөзбен жеткізу қиын. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр. Амал дәптері әрдайым ашық болсын . Алла жаныңызды жәннатқа кіргізсін, иманыңыз саламат болсын. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз», — деп жазды ол.

Айта кетейік, Сағина актердің үшінші жары Маржаннан туған. Ата-анасы екі жыл некеден кейін ажырасып кеткен.

«Қазір Сағина 21 жаста, ол өте сұлу әрі ақылды қыз. Ата-анасы ол бір жарым жаста ғана болғанда ажырасқан. Үш-төрт жасынан бастап демалыс күндері өзімізге алып тұратынбыз, кейін жазғы демалыстарда да қасымызда болды. Рас, жасөспірім шақта онымен ортақ тіл табу маған қиындау соқты: бір-бірімізді түсіне алмадық, ол мені әкесіне қызғанатын», — деген еді Бағдат Әшімова бір сұхбатында.

Ұқсас жаңалықтар

Абай Бегейдің құдағыйының бесікке салу рәсімі желіде сынға ұшырады

Redaktor

Күзетпен жүргенге не жетсін — Дариға Бадықова

Redaktor

Астанада қаза тапқан фельдшердің құрметіне ескерткіш қойылып, арнайы сынып ашылатын болды

Redaktor

Пікір жазу