Әнші әрі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жұбайы Бақыт Тұрман Kezdesu бағдарламасында продюсер Мөлдір Мұқановамен арадағы қарым-қатынасына қатысты сауалға жауап берді.
Бақыт Тұрман өзінің фильмге қатысты пікір білдіруінен кейін туындаған талқылауға тоқталып, қоғамда ашық ой айту дағдысы әлі қалыптаспай отырғанын атап өтті.
Оның айтуынша, ол фильмді алғашқылардың бірі болып көріп, әрдайым өзі тамашалаған жұмыстарға қатысты пікірімен бөлісіп отыратынын айтқан.
«Мен жеке пікірімді ғана білдірдім. Фильмнің табысына әсер еткен жоқ. Халық өз бағасын өзі береді. Ұнады ма, ұнамады ма – әркімнің өз таңдауы», – деді ол.
Әнші шығармашылық жұмысты бағалауда фактіге сүйену керектігін, ал жалпылама мақтау шынайы болмауы мүмкін екенін айтты.
Фильм жайлы пікірінен кейін Бақыт Тұрман мен Мөлдір Мұқанова жеке сөйлескен. Продюсер айтылған сынның бір бөлігін орынды деп тапқан.
Ертеңінде Мөлдір ханым өзі жазды. Костюмер жұмысына қатысты пікіріммен келісті. Ал дыбыстау жайлы айтқаныма: «Біз дубляж жасамадық» деп жауап берді. Яғни сын дұрыс қабылданды. Осы жерде мәселе жабылуы керек еді, бірақ көпшілік қайта көтеріп жіберді, – деді Бақыт Тұрман.
